Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралда ерекше балаларға арналған инклюзивті жаңа бөбекжай ашылады

05.04.2024, 12:15 77

HALYQLINE.KZ

Ерекше күтімді қажет ететін балаларды жан-жақты қолдау, оларды қажетті құрал-жабдықтармен қамту және тиісті деңгейде сапалы оқыту – білім саласындағы маңызды бағыттардың бірі. Бұл ретте Арал ауданы ерекше бастаманы қолға алды. Сөзімізге дәлел ретінде, Арал қаласындағы «Мейірім» арнайы бөбекжай-балабақшасын ерекше айтуымызға болады. Аталмыш жобаны жеке кәсіпкер, Арал аудандық мәслихатының депутаты Л.Мамитанова өз қаражаты есебінен жүзеге асырып, бүгінде бөбекжай іші толығымен заманауи үлгіде жабдықталуда. Жеке кәсіпкердің айтуынша, ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған бұл балабақшада балаларға тірек-қимыл бұзылысын қалпына келтіруге арналған спорттық құрал-жабдықтар, сондай-ақ, арнайы тұз шахта және шунгит бөлмелері мен бассейн қарастырылған. Жаңа нысан ашылған жағдайда 4 топта 50 бүлдіршін тәрбиеленіп, 30-дан аса қызметкер жұмыспен қамтылатын болады.

– Өздеріңіз білетіндей, тірек-қимылы бұзылған және дамуында кінәраты бар балаларды емдеу және оларды түрлі әдіс-тәсіл арқылы білімге баулу оңай шаруа емес. Сондықтан да ауданымызда аталған санаттағы балаларды қолдау мақсатында инклюзивті бөбекжай ашуды қолға алдым. Қазіргі таңда барлық керекті құрал-жабдықтар әкелініп, талапқа сай жабдықталуда. Сонымен қатар, арнайы тұз шахта бөлмесін де дайындадық. Бұл тұз балалардың тыныс алу жүйесін қалыпқа келтіруге өте пайдалы, – деді Л.Мамитова.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: