Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Шашбауыммен көріктімін» онлайн видео байқауы болады

05.11.2020, 16:25 845

HALYQLINE.KZ

Қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар, жеке өмірде отбасылық міндеттерді алған білімімен ұштастыра білетін шынайы қазақ қызын қалыптастыру мақсатында «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен ағымдағы жылдың 1 қараша күні ЖОО және ОАОО студент қыздары арасында қалалық «Шашбаулым» қыздар клубы ашылып, өз жұмысын бастады.

Аталмыш клубтың ұйымдастыруымен 2020 жылдың 4-14 қараша күндері аралығында «Шашбауыммен көріктімін» онлайн видео байқауын өткізу жоспарлануда. Байқау инстаграм желісі арқылы өтетін болады.

Байқау бойынша қосымша мәліметтерді @shashbaulym_qalalyq инстаграм парақшасынан ала аласыздар

БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ:

✅  Шашты кез келген үлгіде өру (қатысушы 1 қыз баланың шашын өруі тиіс);

✅  Шашбау тағу немесе өз қалауыңызша шашты әрлеу;

✅  Шаштың өріліп жатқан барысын видеоға түсіру;

✅  Видео 2 минуттан аспауы қажет (видео қатысушының инстаграм парақшасына салынуы тиіс);

✅  @shashbaulym_qalalyq парақшасын белгілеу;

✅  #shashbaulym_qosyl хештегін белгілеу;

🏆 Жеңімпаздарды арнайы әділқазылар алқасы анықтайтын болады.

Байланыс телефоны: 8776-888-87-90

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: