Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Неге байтал шауып бәйге алмайды?

27.06.2021, 13:00 3227

HALYQLINE.KZ  Қазақта «БАЙТАЛ ШАУЫП БӘЙГЕ АЛМАС» деген сөз бар. Бұдан байтал жүйрік болмайды, бәйге алмайды деген ой тумауы керек. Керісінше, ең жүйрік жылқы ұрғашы зарпынан болатынын қазақ мәдениетіне зер сала қарағанда байқаймыз. Мәселе байталдың бәйгеге жаратылмағанында – оның жаратылыс мақсаты басқа екендігінде. Оның шешуін дана қазақ «БАЙТАЛ МІНСЕҢ, ҚҰЛЫН ЖОҚ» деп алдымызға тартады. Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінде бұл туралы былай делінген: «Байтал – екі мен төрт жас аралығындағы құлындамаған ұрғашы жылқы».

Міне, мәселенің түп-төркіні де осы жерден тарқатылады. Түсіндірме сөздікте: «құлындамаған» деп тұр. Яғни, байталдың «бәйгесі» басқа, ол құлындап мал басын көбейтіп, ер жігіттің дәулеті мен сәулетін шалқытуға арналған. Тек ақымақтар ғана, обал мен сауапты білмейтін түйсіксіздер ғана бәйгеден алатын атақ пен жүлдеге қызығып байталды бәйгеге қосады. Білетіндердің айтуы бойынша, өзі үшін де, құрсағындағы құлыны үшін де жанталасып, өмір мен өлімнің арасында барын салып, оқтай ұшып бәрінен озып байтал бірінші болып келеді екен. Бірақ көп кешікпей ішіндегі төлді өлі тастайды. Осыдан кейін аналық қасиетінен айырылып, бедеу болып қалуы да мүмкін. Сондықтан істің мән-жайын терең меңгерген бабаларымыз аламан бәйгеге көбіне еркек жылқыны қосқан: «Еркек тоқты құрбандық» деп…

Омар Жәлелұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: