Қазақстанда әлеуметтік санатқа жататын студенттердің жатақханада тұру шығынын өтеуге жыл сайын 100 050 теңгеге дейін қаражат қарастырылған.
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан Jibek Joly телеарнасындағы «Бүгін Live» бағдарламасында айтты.
Өтемақы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға, I және II топтағы мүгедектігі бар студенттерге, бала кезінен мүгедектігі бар азаматтарға беріледі.
— 100 050 теңге көлеміндегі қаражат бірінші курста бір рет қана берілмейді. Осы санаттағы студенттер екінші және үшінші курста оқыған кезде де өтемақы ала алады. Қолдау олардың білім алуға деген ынтасын арттыру үшін қарастырылған, — деді Ақерке Абылайхан.
Суретті түсірген Е.ҚАЛИЕВ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!