Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі: «Жастардан креативті дүниелер күтеміз»

09.12.2022, 16:45 277

HALYQLINE.KZ Жалағаш ауданында түрлі салада табысты қызмет атқарып жүрген жастар бүгін Мәдениет және өнерді дамыту орталығында басқосты. Іс-шараға білім, ғылым, медицина, ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік, өнер мен спорт, басқа да салаларда аудан абыройын асырып жүрген жастар жиналды. Аудан әкімі Асқарбек Есжанов шараға арнайы қатысып, алдымен қолөнер шеберлерінің арнайы көрмесін аралап, өз кәсібін бастаған, инновациялық идеяларды іске асыруға ниетті шағын грант иелерінің, жас кәсіпкерлердің жобаларын көрді.Форумда сөз алған аудан әкімі туған жерін дамытуға жанашыр, озық идеяларды іске асыруға ниетті әрбір жасқа қолдау болатынын тілге тиек етті.

– Қай кезде де біз аудан жастарынан креативті дүниелерді күтеміз. Жастар – ар мен намыстың, өр рухтың символы. Жастарға сенім артатын бірден-бір халық – қазақ. Ауданда жастарды қолдау бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылып келеді. Біз жастардың әлеуметтік жобаларын әрдайым қолдауға дайынбыз, – деді аудан басшысы Асқарбек Темірбекұлы.

Іс-шарада жастар саясатының дамуына үлес қосып, еңбегімен көзге түскен бірқатар жас аудан әкімінің «Жалын» жастар сыйлығын, 100 000 теңге қаржылай сертификатты өз саласының үздігі атанып жүрген 10 жасқа табыстады және түрлі салада белсенділік танытып жүрген бірқатар жастарды аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Аудан халқының 23 пайызын аудан жастары құрайды. Волонтерлік қызмет көрсету бойынша «Jalyndy jas» еріктілер мектебінің жұмысы жыл санап өз маңыздылығын көрсетіп келеді. Оған дәлел бүгінгі күнге дейін еріктілер Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бастамашыл топтарды және еріктілерді қолдауға арналған шағын гранттарын жеңіп алу арқылы аудан жастары 3 Coworking орталығы, 3 спорттық үйірме, 2 көшеге қоқыс жәшіктерін, ерекше балаларды қолдау бағытында 2 мекемеге материалдық демеушілік, ауылды көркейту үшін 2 ауылға жаңа жоба және 1 отбасыға баспана табыстады. 2022 жылдың 8 айында еріктілер 6 млн 135 мың теңге қаржыны құрайтын 16 жоба жеңіп алды. Шығармашыл жастардың қатарын арттыру бағытында биыл 200 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебі пайдалануға берілсе, жақын арада Жалағаш кентінде дене шынықтыру сауықтыру кешені пайдалануға берілмекші.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: