Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Терезеден салбырап тұрған баланы тұрғын құтқарып қалды (Видео)

11.05.2022, 12:54 843

600

Нұр-Сұлтан қаласында терезеден салбырап тұрған баланы ер адам құтқарып қалды, оқиға  «Камал-2» тұрғын үй кешенінде болған деп хабарлайды HALYQLINE.KZ  сайты  stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 11 мамыр күні сағат 10.21-де Ұлы Дала көшесі 27/1 мекенжайында көп қабатты үйдің сегізінші этаждағы балконында бір баланың ілініп тұрғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшесінен  7 құтқарушы топ пен 2 техникадан жасақ жөнелтілді.

ТЖД:  «Келген сәтте сегізінші қабаттағы балконның ернеуіне ілінген баланы төменгі қабатта тұратын ер адам құтқарғаны анықталды. 2019 жылы туған қыз құлаған кезде ата-анасы үйде болған, бірақ баланың жанында ешкім болмаған. Бақытымызға орай, 1985 жылы туған жетінші қабатта тұратын Сәбит Шонтақбаев жылап жатқан баланы көріп құтқару бойынша іс-қимыл жасап, санаулы секундтарда баланың өмірін сақтап қалды».

Көмек көрсеткен ер адам ерлігі үшін марапатқа ұсынылатыны айтылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: