Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жүктілік кезіндегі депрессияның салдары қандай?

24.06.2021, 16:10 965

HALYQLINE.KZ

Ұрпақ жалғастыру, бала сүю – Алла тағаланың ғана бұйрығымен болатын нығмет. Алладан өзге ешкім бала беріп, бақыт сыйлай алмайтыны белгілі. Жаратқан әйелді ерекше етіп жаратты. Мұндағы басты ерекшелік – бала сүйе білуінде. Әйелдердің алдымен ана болғандығын жақсы көремін. Әйел заты бүгін – қыз, ертең – келін, арғы күні ана атанады. Бірақ алда оны қандай қиындықтар күтіп тұрғанын бірі білсе, бірі білмейді. Сол себепті әрбір ауруханадағы жүкті әйелдердің психологиясына мамандар жауапкершілікпен қараса екен деймін.

Жақында емханада аяғы ауыр келіншекпен әңгімеміз жараса қалды. Сөйлесіп отырғанда күйзелісте жүргенін байқадым. Сөз арасында жолдасының көңіл бөлмейтінін, ішіндегі шарананы алдыртып тастағысы келетінін айтты. Әрине, бұл айтқандардын барлығы жүкті әйелдің гармондарының өзгерісі нәтижесінде және отбасылық жағдайдың қажытып жіберуі нәтижесінде айтылған сөз екені түсінікті. Сол мезетте мен оған психолог маманмен аптасына 2 рет, 2-3 сағат көлемінде сырласып, маманнан кеңес алуға ұсыныс айттым. Біраз уақыт өткен соң әлгі келіншекпен тағы да жолымыз түйісіп қалды. Бұрынғыдай емес, көңілі көтеріңкі, ойының жақсы жаққа өзгергенін байқадым. Бұның бәрі әрине депрессиядан шығуға көмектескен психолог маманның біліктілігі екенін айтты.

Депрессияның себептері қандай?

 Көңіл-күйдің өзгеруі жүктілікті жоспарламаған әйелдерге де, оған бұрын дайындалған әйелдерге де әсер етеді. Көбінесе депрессия жүкті әйелдерде байқалады. Депрессия мен мазасыздық көбінесе бірінші триместрде пайда болады, ал үшіншісінде бұл жағдайлар босанудың қорқынышынан, сондай-ақ баланың денсаулығынан туындайды. Әйелдер әлеуметтік қысымнан, ана бола алмаудан, кәсіби жағдайын өзгертуден, жауапкершіліктің көбеюінен, табыстың төмендеуінен қорқуы мүмкін.

Көпшілігімізде «Жүктілік кезіндегі депрессия балаға әсер ете ме?» деген сұрақ туындайды. Өкінішке қарай, иә. Созылмалы мазасыздықтың жоғарылауы жүкті әйел үшін де, бала үшін де көптеген салдарға әкеледі. Емдеусіз жүктілік кезіндегі депрессия ананың қанында және амниотикалық сұйықтықта кортизолдың көбеюіне әкеледі. Қабынуға қарсы цитокиндердің деңгейі жоғарылайды. Бұл ерте босануды, содан кейін баланың танымдық бұзылуын тудыруы мүмкін. Мұндай балалардың психомоторлы дамуы баяу екенін дәлелдейтін зерттеулер бар, олар кеш сөйлей бастайды және невротикалық реакцияларға немесе невроздарға бейім.

Психолог не дейді?

 – Жеңіл немесе орташа курстың депрессиялық жағдайларында психотерапия ұсынылады. Әдетте, сессиялар психотерапевт немесе психологпен аптасына 1-2 рет тағайындалады. Әйелге тыныштандыратын шай ұсынылады, көбінесе таза ауада жүру, жүкті әйелдерге арналған спорттық шараларға қатысады. Дәрі-дәрмекпен емдеуге келетін болсақ, терапияның бұл түрі депрессияның ауыр түрлеріне ғана негізделген. Егер әйелдің өмір сапасы айтарлықтай бұзылса және суицидтік ойлар пайда болса ғана осы тәсілдер қолданылады. Фармакотерапия депрессияның нақты және ауыр түрлеріне ғана арналған және тек дәрігердің нұсқауы бойынша жүзеге асырылады. Жүйке бұзылысының жеңіл эпизодтарында психологқа бару өте тиімді, – дейді №1 қалалық емхананың психолог маманы Мөлдір Абдреева.

 Біздің мәдениетте жүктілік отбасы үшін сыйлық болып саналады. Шаршау, жүрек айну, таңертеңгі бас айналу және жүкті әйелдердің басқа да ұсақ-түйектері туралы шағымдануға рұқсат етілген. Алайда, шындық, жүктілік көбінесе әйелдің де, бүкіл отбасының өмірінде өте эмоционалды кезең болып табылады, кейде бұл эмоциялар тек теріс мәнге ие болуы мүмкін. Тіпті кей ата-аналар да эмоционалды стрессті бастан кешіреді. Олардан шығу жолын таба алмайды және соңында өз жағдайынан ұяла бастайды. Бұл жағдайда әйелдің көңіл-күйі өзгере бастайды және жүктілік кезіндегі депрессияға әкелуі мүмкін. Жүкті әйелдердегі жаман көңіл-күй немесе жиі көңіл-күйдің өзгеруі жүктілік кезіндегі депрессияның алғашқы белгілері болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

Айсара ДӘУІТ,

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дің 3-курс студенті

Пікірлер:
  • Мен екі рет жүкті болдым өмірімде, бірінші жүктілігімде После родовая депрессия болганын билемин, улымда казір задержка психомотрного развития речи деген диагнозы бар.Ал екинши жуктилигимнин сонгы еки аптасы мен ушин киын болды, ақыры обвитие пуповиной в трех местах. Канша жерден денің сау болсада,депрессияға кірсен өзіне шығу қиын. Қазір психолог маманына жүгінгім келеді, үшінші рет көтерер плдында дайындалу керек сияқты🙏🏻😍

Асылтас үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: