Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коронавирус: қазақ дәрігерлері тәжірибе алмасуға Қытайға барады

23.04.2020, 9:55 540

HALYQLINE.KZ –|  ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтанға келген қытайлық дәрігерлермен онлайн байланыс арқылы пікір алмасып, қытайлық дәрігерлермен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

– Қытайлық әріптестермен тығыз байланыста болдық. Жалпы, індетпен күресте сіздерге және Қазақстанның дәрігерлеріне алғыс айтқым келеді. Медицина қызметкерлеріміз әлемдік тәжірибені зерттеуге ашық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен де жұмыс істеудеміз. Бүгінде ғылыми медицина бар, сәйкесінше, тек ғылым негізінде үздік тәжірибелерді зерттеп, енгізуіміз керек. Сондықтан Қытайдан келген дәрігерлердің озық тәжірбелерін зерттеудің мүмкіндігі болды. Менің ойымша, бұл бағыттағы тәжірибе алмасу шаралары өте маңызды болады. Коронавируспен күресті тиімді жүргізу үшін аталған ұсынысты пысықтауды сұраймын. Қажет болған жағдайда, Қытайдың Денсаулық сақтау министріне тиісті хатты жолдауға әзірмін, – деді Е.Біртанов.

Осы орайда министр ҚХР дәрігерлерінің тәжірибе алмасу үшін келген сапары бұл саладағы ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беретінін айтты. Сонымен қатар, елімізде коронавируспен күрес шараларына жұмылдырылған дәрігерлердің Қытайға сапарын ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: