Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ол байғұс әлдеқашан өліп қалды»

23.09.2023, 15:00 215

HALYQLINE.KZ

Бір топ еврей покер ойнап отырғанда біреуі қайтыс болып кетеді. Қалған ойыншылар бұл жағдайды туыстарына қалай естірту керектігін ойластырады. Сонымен Изяны бұл іске ең қолайлы адам деп таңдап, оны туыстарына естіртуге жібереді.

Изя марқұмның үйіне келгенде, әйелі есікті ашты.

– Сәлеметсіз бе, Софочка.

– Сәлем, Изя.

– Сенің Мойшаң кеше маған келді. Біз түнімен покер ойнадық, ол өте көп, өте көп ақшаны ұтқызып жіберді.

– Өйтіп тоздырғанша, оның өлгені артық еді!

– Иә, иә, ол байғұс әлдеқашан өліп қалды.

Аударған  Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ.

(Сурет Владимир Любаровтікі)

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: