ТЖМ күштері «Казцинк» зауыты аумағындағы өртті оқшаулады, деп хабарлайды аталған ведомство.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар өртті толық сөндіру үшін конструкцияларды бөлшектеу және өрт ошақтарына су құю жұмыстарын жүргізуде.
Зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жалғасуда. Алдын ала мәлімет бойынша 4 адам медициналық мекемеге жеткізілуде.
Оқиға орнында жеке құрамнан 40 адам және 10 техника жұмылдырылды. Өрттің жалпы ауданы анықталып жатыр.
ТЖМ жанында жедел штаб құрылып, оның құрамына мемлекеттік органдар мен өзара әрекет ететін қызметтердің өкілдері кірді.
Фото: kt.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!