Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Талғат Бигелдиновтің туған күні жаңа әскери мерекеге айналды

05.08.2026, 17:30 29

Қазақстан Қарулы күштерінде 5 тамыз Майдандық авиация күні ретінде алғаш рет аталып өтіп жатыр, деп хабарлайды halyqline.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Жаңа кәсіби мереке 2025 жылы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілген. Күннің 5 тамызға белгіленуінің астарында даңқты қазақ ұшқышы Талғат Бигелдиновтің есімі жатыр. Екі мәрте Кеңес Одағының батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов 1922 жылдың дәл осы күні дүниеге келген.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтың қаһарман ұлы Ил-2 шабуылдаушы ұшағымен 305 рет жауынгерлік ұшуға шығып, әскери авиация тарихында өшпес із қалдырды.

«Майдандық авиация күнінің 5 тамызға белгіленуі даңқты жерлесіміз Талғат Бигелдиновке, оның майдандас серіктеріне көрсетілген құрмет әрі бүгінгі әскери ұшқыштардың еңбегін мойындаудың белгісі», деді Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов.

Қазір Қазақстанның майдандық авиациясы Су-30СМ көпфункциялы жойғыштары және жаңғыртылған Су-25 шабуылдаушы ұшақтарымен жарақтандырылған.

Жаңа кәсіби мерекеге орай еліміздегі негізгі авиациялық базаларда әскери қызметшілер мен ардагерлерді құрметтеу, қаһарман ұшқыштардың ескерткіштеріне гүл қою және жас буынмен кездесулер ұйымдастырылып жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: