Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Неліктен еркектер көзге шөп салады?

29.02.2024, 10:40 253

Бұл еркектің барлығы көзге шөп салады дегенді білдірмейді. Семен Слепаковтың «барлық еркек көзге шөп салады» деген әнін естіген болар­сыздар. 100 пайыздың 0,1 пайы­зы ондай емес, әрине. Сондай санаулы еркек­тер тізіміне кірмейтіндер тура­лы  емес  бұл  жазба.

Еркектер жалпы төсек қатынасына басқаша қарайды. Әйелдер үшін бұл махаббат, сезім, эмоциядан құрылған акт болса, еркектер үшін бұл – қарапайым физикалық үрдіс. Бір рет, тіпті, бірнеше рет төсектес болған адам олар үшін жақыны болып кетпейді. Осы тұрғыда көңілдес пен әйелдің айырмасын біліп отырыңыз, деп  жазады  «Арулар»  басылымы.

Ол  әйелдердің  аңқау,  кешірімді  екенін  біледі

Әрине, еркектер өз қыл­мысы ашылмайды деп ойлайды. Тіпті теле­фонда Нұрғайшаны Нурик деп сақтап, осымен қатырдым деп ойлауы мүмкін. Түнгі сағат он екіге де­йін жұмыс істейтін еңбекқор екеніне сенеді деп те ойлайды. Ол түн жарымда мейрамханадан тойып келіп, сіз жасаған тамақты да қарны ашқан кейіппен тауысып қоя алады. Егер әйелі оған маңызды болса, бар әдіс-тәсілімен артын жауып, ұсталмауға тырысады. Ал әйел оған ондай маңыз­ды болмаса, жасыруға да тырыспайды. Ал ұсталса, сіздің бір жылап алып кешіретініңізді де  жақсы  біледі.

Ол  нағыз  махаббатын  әлі  таппады

Күйеуіңіз не жігітіңіз тек ақша үшін суқаны сүймейтін жұмыспен айналысып, «осыдан ақша тауып, аяғыма тұрғанда бәрін тастаймын» дей ме? Оларға кейде өзі қаламайтын дүниемен айналысуға тура келеді. Әйел эмоцияға берілсе, еркектер ондай емес. Міндет пе – жасайды. Қаламаса да. Әйелмен қарым-қатынаста да сондай жағдайлар болады. Ел қатарлы қызға бару керек. Тіпті үйлену де қажеттіліктен туындауы мүмкін. Қазақы менталитетті білесіз ғой. Үй іші үйлен деп, үйлендіреді. Ол қаламауы мүмкін. Бірақ қажет болса, амал  бар  ма?

Сезім  суыды

Үйдегі қарым-қатынас, сезім, ләззат салқындады. Түптеп келгенде, сіз де бұрынғыдай емессіз. Ерке елік дегені бұзауға айналды. Күлімдеген назды қыз, әсем шашты, әдемі көйлекті сұлу шашы май басқан, созыл­ған футболкасын тастамайтын, бірде бұрқылдап, бірде шаршап жүретін әйелге айналды. Сөйлесетін әңгіме ше? Отбасы, туған-туыс, көрші-қолаң өсегі, одан асса дүкендегі сатылымдармен шектеледі. Кешке телефон соғылғанда аруы сағынғанын емес, дүкеннен ала келетін заттар тізімін айтады.

Әрқашан  алдануға  (алдауға)  қарсы  емес  сылқым  табылады

Еркектер әйелдің көзіне шөп салғанда дәл сондай аңқау, періш­тедей пәк қызбен жүруі сирек. Ол қыздар сезсе де, білмеуге тырысады. Көбі тіпті сіздің бар екеніңізден хабардар. Онда сіз туралы белгілі бір ойдың қалыптасуы да мүмкін. Сіздің әлсіз  тұстарыңызды біліп, сізден артық болып көрінуге бар күшін де салуы ғажап емес. Сондықтан да бұл әділетсіз соғыста оның жеңу ықтимал­дылығы  жоғарырақ.

Күйзеліспен  күрес  құралы

Иә, еркектердің жұмысы ауыр. Сіздің қара шай мен қара нан емес, каппучино мен тирамису жеуіңіз үшін көп еңбек етеді. Бас­тықтың дікіңдеуі, топас тұтынушының ай­ғай-­шуы, жалқау әріптесінің ен­жар­лы­ғы, қақшаңдаған  дедлайн, біт­пейтін  жұмыс,  қала  берді бала-­шаға, ту­ған-туыстарының проблемасы – осының барлығы ауыр стреске әкеледі. Біреу­лер стресін басу үшін ішімдік ішеді, біреуі темекі шегеді, достары­мен кездеседі. Ал біреулер қызға барады. Қызға барғанда, кейбір еркекке қарапайым дәстүрлі секс жеткі­ліксіз болуы мүмкін. Әлде оған күш көрсету элементтері ұнай ма? Сөйлесіп көріңіз, сіз де төсек қа­ты­насын  түрлендіре  алатыныңыз­ды  ақырындап  жеткізіңіз.

Бойында  аңшылық  инстинкті  бар

Кей еркектің әйелі идеал болуы мүмкін. Бірақ ол бәрібір көзге шөп салады. Тіпті нақсүйерінің өзіне де. Мұндай мачолардың психология­лық бітімі сондай. Оларды ештеңе өзгертпейді. Қыз-келіншектерге кеңес. Күйеуіңіздің  қылмысын  білдіңіз. Одан жағдайды мойындап, тәптіштеп бар шындықты ақтаруын сұрамаңыз. Шындық сіз ойлағаннан да ауыр болуы мүмкін. Жалпы, еркек­тің телефонына, қалтасына, тіпті   жеке  өміріне (иә, иә, күйеуіңіз­дің де өз кеңістігі болуы тиіс) қол сұқпаңыз. Еркек­тің басқаға көз салуына оның ақымақты­ғы емес, сіз де кінәлісіз. Біріншіден, дұрыс таңдау жасамадыңыз. Одан да студент кезіңізде артыңыздан жүгіріп жүрген Ербол­ға  шығу керек еді. Бірақ сіз­ді жан-тәнімен сүйетін, адал Ербол да көзіңізді ала бере қыздар­ға көз қысуы мүмкін ғой. Себе­бі  сіз де бұрынғы сұлулығыңыз бен  назыңыз­ды  сақтай  алмадыңыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: