Қазақстанда туған Санжар Абишев Ұлыбритания астанасы Лондондағы Westminster City Council құрамына сайланды. Ол St James’s округінен Conservative Party атынан қатысып, 974 дауыс жинаған.
Санжар Абишев – маркетинг саласында жұмыс істейтін кәсіпкер, қоғамдық және қайырымдылық бастамаларға белсенді араласып жүрген азамат. Оның Лондондағы беделді округтердің бірінен жергілікті кеңеске сайлануы шетелдегі қазақстандық жастардың халықаралық ортада да өз орнын қалыптастырып келе жатқанын көрсетеді.
Сайлау науқаны кезінде оның 79 жастағы қарияға дер кезінде көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалуға араласқаны да айтылды. Санжар Абишевтің бұл жетістігі қазақстандықтар үшін қуанышты жаңалық болды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!