Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кіріптар болу – қорлықтың қорлығы

27.02.2021, 16:00 1220

HALYQLINE.KZ

– Біреуге кіріптар болып көрдіңіз бе?

– Біреуге кіріптар болу – бұ дүниенің тозағы. Ол молдалар айтатын о
дүниенің тозағынан да жаман.

Мен кіріптар болғам жоқ. Кіріптар болмау үшін ешқандай кіріптарлық іс істемеуің керек.

Сұрағың өте ойлы, бір менің емес, есі дұрыс адам баласының бәрін терең толғанысқа түсіретін сұрақ. Меніңше, арам жолмен жүргендер ғана кіріптар болады. Арам жолмен жүрген адам әруақытта да қорқынышта өмір сүреді, қорқынышы ешуақытта да сейілмейді. Тіпті, көршісінің есік қаққанының өзінен оның жан дүниесі үрейленіп тұрады.

«Елі еріксіз болса, ері көріксіз болар» деген қазақтың сөзінде көп мағына бар. Ақымақ басшының қарауындағы адамдар кіріптарлыққа ұшырайды. Өйткені, ол ойын іске асыра алмайды, айтатын сөзін айта алмайды. Айтатын сөзін айтатын болса, қызметінен кетіп, көп зиян шегуі мүмкін. Сондықтан ол қай заманда да сауысқаннан сақ болады.
Сөзімнің басында менде кіріптарлық болған жоқ дедім ғой. Неге деп сұрақ қой.

– Неге?

– Мен мансапқорлыққа, байлыққа, атақ-даңққа қызықпадым. Мендей адамдар ешуақытта ешкімге кіріптар болмайды. Айтатынын айтады, істейтінін істейді. Олардың айтатыны «менің ойым, ісім – бәрі дұрыс. Дұрыс емес десең, дәлелде. Онда мен ақылмен саған кіріптар болып, ғафулық өтінуім мүмкін. Онсыз кесіп алатындарыңды кесіп алыңдар» деген бір-ақ сөз.

– Кіріптар болу – қорлықтың қорлығы дейсіз ғой?

– Әлбетте. Ол азаптың азабы.

Бауыржан Момышұлы,

«Мен – халқымның Бауыржанымын» кітабынан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: