Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ер – елінің қорғаны

05.05.2023, 17:59 435

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде «7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» орай мерекелік шара өтті.
Шара барысында мекеме бастығы, әділет подполковнигі Өтетлеуов Мақсұт Өтегенұлы қылмыстық – атқару жүйесінде қызмет ететін барлық ер азаматтарға айтулы мереке қарсаңында жылы лебізін білдіріп, мекеменің режим бөлімінің жедел уәкілі Аметов Рақымжан Қасымханұлын туған күнімен құттықтап, зейнеткерлікке шығарып салды.
«Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Еліміздің шекарасы белгіленіп, қарулы күштеріміз құрылды. Халқымыз «Ер – елінің қорғаны» десе, батыр Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс – күймейсің!» деген сөздері ел намысын өз тағдырынан әрқашан жоғары қойғанын байқайсың.
Қай заманда болмасын ата – бабамыз от пен оққа оранып, жанын қиса да, арын сатпаған, бір сүйем жерін жау қолына ұстатпаған.
Киелі өңіріміз талай батырлар мен оғландардың Отаны болғаны баршаға аян. Кешегі өткен Жалаңтөс Баһадүрді, Тәуке хан тұсында қол бастаған Текей батырды, Ұлы Отан соғысы жылдарында Тәйімбет Көмекбаев атамыздай батырларды дүниеге келтірген топырақтан, елі мен жері үшін жанын берер азаматтарымыз бүгінгі күні де аз емес.
Бар өмірін әскери қызметке арнап, өз қызметін мінсіз атқарып жүрген ұжымдастарыма алғысымды білдіремін», – деді мекеме бастығы, әділет подполковнигі Мақсұт Өтегенұлы Өтетлеуов.
Атаулы шара жас өнерпаздардың ән – биімен жалғасып,мекемедегі еліміздің айбынын асқақтатар ер – азаматтарымыздың арнаулы атақтары, қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы Шаменовтың алғыс хаты және марапаттаулар табысталып, мерекелік сый тарту етілді.

Адина Жомартқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: