Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгінгі үлгі – болашаққа өнеге

19.02.2020, 11:37 774

Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылуына 31 жыл толуына орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университитеті Әскери кафедрасының ұйымдастыруымен Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу өтті. Шараға кафедра студенттері қатысты. Кездесудің басты мақсаты – соғыс даласында күрескен батыр ағаларымыздың батырлығын келер ұрпаққа үлгі ету, Тәуелсіздік қадірін жастар арасында насихаттау, болашақ офицерлерге соғыс жағдайындағы тәжірибемен бөлісу.

Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері – Сағат Тайман, Қыдыр Өткелбаев, «Ауған соғысы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлетігінің төрағасы Хайриддин Баймаханов, «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Камалов қатысты

Шара барысында Әскери кафедраның жетекшісі, запастағы майор Сакен Маратович пен 381 оқу взводының студенті Сейітқожа Қайырбек баяндама жасап, жастарды ерліккке, отансүйгіштіккке шақырды.

Студенттер ардагерлермен кездесуде…

Қатысушы студенттер өз кезегінде Ауған даласында қаза тапқан марқұмдардың рухына тағзым етіп, келген қонақтарды құрметіне патриоттық нөмірлер орындады.

Өз отанына шексіз сүйіспеншілікпен қарап, елдің тәуелсіздігін өз басының амандығынан артық көріп, майдан даласында ерлік көрсеткен барша ардагерлерді құрмет ету – отан үшін қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым ету, бүгінгі тәуелсіз елдің перзенттері үшін парыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: