Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Іздеуші жөніндегі хикая

18.09.2021, 12:00 451

HALYQLINE.KZ

Дана ақсақал немересін хайуанаттар паркіне алып барды.

– Ана маймылдарды көрдің бе?

– Иә, әрине, көріп тұрмын.

– Ана біреуін байқадың ба, бір сәт үнсіз отыра алмай басқа маймылдардың үстінен бит, бүрге іздеп тазалауда.

– Иә, байқадым.

– Ол «іздеуші» маймыл! Ол басқалардың бәрі биттеп кеткен деп есептеп, оларды бүргеден тазарту керек деп ойлайды.

– Ал басқалары ше?

– Олар ештеңе істемейді, кейде қасынады, кейде қояды…

– Ал»ізденуші» маймылдың өзін кім бит пен бүргеден тазалайды? – деп сұрады немересі.

– Ешкім тазаламайды, сондықтан олардың іштеріндегі ең көп биттеген де маймыл – соның өзі, – деді атасы.

Жүрсін Кәрімнің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: