Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әріптесіміз – «Озат газет тілшісі»

20.11.2020, 17:05 596

HALYQLINE.KZ

Қазыналы Қазалыда Жұмабек Табынбаев есімді азамат тұрады. Бар мен жоқтың, адалдық пен арамдықтың аражігін ажырата алатын ағамыз қаламын қару, қағазды қалқан етіп, талай мәселенің мән-жайын оқырманға ашық жеткізіп жүр. Айтар ойы, салмақты сөзі бар Жұмабек Айдарбекұлы көп жылдан бері «Халық» газетінің Арал, Қазалы аудандарындағы меншікті тілшісі қызметін атқарып келеді. Дәл осы қызметті облыстық «Сыр бойы» газетінде қатар алып жүр.

Бүгін Ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Журналистер Одағының лауреаты, қарымды қаламгер Жұмабек Табынбаев Қазалы ауданында өткен «Алтын дән – 2020» салтанатты шарасында «Дала еңбеккерлері туралы және сала жаңалықтары мен тың бастамаларын бұқараға кәсіби тұрғыда жеткізуде айрықша қосқан үлесі үшін» аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың қолынан «Озат газет тілшісі» номинациясын иеленді.

Біз де әріптесімізді мерейлі сәтімен құттықтай отырып, денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс тілейміз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: