Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сарбаздың туыстарын іздейміз

13.05.2026, 11:15 93

МАНАРБАЕВ ЖАҚСЫБЕК – 1920 жылы Қазақ КСР-інің Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Қызыл әскер жауынгері, атқыш. 1944 жылғы 6 желтоқсанда 106-медициналық-санитарлық батальонда жарақаты салдарынан қайтыс болған. Сербия Республикасының Воеводина өлкесі, Беочин муниципалитетіне қарасты Сусек ауылы зиратының солтүстік шетінде жерленген. Жеке қабір №1.
Сербия Республикасының Воеводина өлкесі, Беочин муниципалитетіне қарасты Сусек ауылы зиратының солтүстік және солтүстік-батыс шетінде 1944 жылғы 2–8 желтоқсан аралығында шайқастарда жараланып, госпитальда көз жұмған Қызыл армия жауынгерлері жерленген орындар бар.
Ұсынылған ақпарат үшін Қазақстанның Сербиядағы Елшілігінің консулы Абзал Иманқұловқа алғыс білдіреміз.
Байланыс тел-дарымыз:
+7 701 999 78 20;
+7 776 828 45 35;
+7 776 828 45 34.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: