Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ғылымды дамыту – басты бағдар

28.07.2023, 18:15 280

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы өкілдерінің  қатысуымен брифинг өтті.

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген делегация өкілдері бірінші аймақ ғалымдарымен кездескенін және ғылым саласында өзекті мәселелерді шешуде жергілікті ғалымдардың рөлі жоғары екенін атап өтті.

«Академия өңірдегі ғылымға айрықша көңіл бөліп отыр. Шараға атқарушы мемлекеттік орган өкілдерін арнайы шақырдық. Мәселелері болса ғылымға жүгінсін. Ұлттық ғылым академиясы оны шешу үшін ғалымдармен бірлесіп жұмыс істейді. Сол арқылы біз ғылымға да, ғалымға да кең жол ашып береміз. Бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы. Отандық ғылымға қызмет етуде аянып қалмасымыз анық», – деді ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ғылым департаментінің директоры Руслан Нұрлыбаев. 

Ал «Агробиоресурстар және экология» басқармасының басшысы Қуантар Әлиханов өңірлердегі басты проблемаларды анықтау мақсатында әртүрлі қалаларда ЖОО-дарының ғалымдарымен кездесу өткізуді қолға алғандығын жеткізді. Ол өз сөзінде ғылым мен өндірістің, мемлекеттік органдардың байланысын арттыру керектігін айтты.

Брифинг барысында «Білім және азаматтық қоғам» басқармасының басшысы Бекбол Батыржанұлы өскелең ұрпақ үшін ғылым саласында айрықша жол қалдыру керектігін және оған барлығы бірлесіп атсалысса жоғары нәтижеге қол жеткізуге болатынын жеткізді.

Айта кетейік, академия делегациясы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің материалдық техникалық базасын көріп, ғылыми инфрақұрылымын аралады. Сондай-ақ өңірлік ғылымды дамытуға бағытталған ЖОО ғалымдарының  коммерцияландыруға дайын үздік жобаларымен танысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: