Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шетелге шыққанда ескеріңіз…

22.06.2022, 9:30

Қазақстандықтар арасында қашанда саяхатқа ең қолайлы ел – Түркия. Ал, Түркияға демалысқа барғанда нені есте ұстау керек?

 • Түркияға доллор немесе еуро алып барыңыз. Сол жақтан ақшаңызды жергілікті лираға ауыстырып аласыз. Ақшаны банктен алмастырыңыз. Және ол жақта біздегі кең танылған қосымша арқылы да (каспий) төлем қабылданады.

 • Түркияда шілде мен тамыз айында күн ыстық болады. Бұл елге баруға ең қолайлы мезгіл – көктем мен жаз. Қыста Түркияда күн салқындайды. Стамбул, Измирде суық. Анталья, Аланияда қыста 8-15 градус жылы болады. Алайда кешке күн салқындайды.

 • Стамбул орталығында босқындар көп, сондықтан, заттарыңызға абай болыңыз, қараусыз қалдырмаңыз. Түркияның бірінші президенті Кемал Ататүрікті қорлайтын сөздерді айтпаңыз. Және түріктермен әңгіме кезінде саяси тақырыптарды қозғамағаныңыз дұрыс.

 • Базарда, сувинер алғанда саудаласыңыз. Түркияда базарда саудаласып бағаны біраз түсіріп алуға болады. Таксистер шетелдік екеніңізді біліп, бағаны қымбаттатып жіберуі мүмкін. Сондықтан қоғамдық көлікпен жүруге тырысыңыз. 

 • Түркияда әйелдерді суретке (фотоға) түсірерде абай болыңыз. Себебі, оларды суретке түсіруге заңмен шектеу бар. Рұқсатын алыңыз. Ер адамдарды да суретке түсірер кезде рұқсатын алғаныңыз жөн.

Мешіттерде намаз оқып жатқанда экскурсия жасауға болмайды. Ал мешітке кіргенде орамал тағып, иығыңыз бен аяғыңызды жабуыңыз керек. Аяқ киіміңізді де шешіп кіріңіз.

 • Құжаттарыңызды қонақ үйдің сейфінде сақтаңыз. Өзіңізбен тек құжаттарыңыздың көшірмесін алып жүріңіз. 

 Қыз баласы жергілікті түрік ер адамдарына қарамағаны дұрыс. Қолыңызды да ұсынбаңыз. Бұл елде ер адамдар әйел адамның бұлай қарауын басқаша түсінуі мүмкін. 

 Адамдарға алғыс айтамын десеңіз қолыңызды кеудеңізге қойып, рақмет айтсаңыз жеткілікті. Әйел адамдар ұзақ жол жүретін автобустарда ер адамның жанына отырмағаны дұрыс. 

 • Түркия қалаларында жолды кесіп өтерде абай болыңыз. Жаяу жүргіншілер жолағында кейде көліктер тоқтамай өтуі мүмкін. 

 Түркияға 15 күнге барсаңыз жергілікті сим картаны алыңыз немесе Қазақстаннан роуминг қосып алыңыз. Елді аралағанда интернет керек. Түркияның кей жерлерінде тегін wi-fi таратылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: