Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкерлерден қаржылық операциялар кезінде алынатын комиссия – 0,45%

19.01.2023, 14:30 206

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов пен «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Ғалымжан Кенжебаев ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.

Меморандумның нәтижесінде кәсіпкерлерге жағдай жасау көзделіп отыр.

Қазір «Бизнеске арналған үкімет» ғимаратында Кәсіпкерлер палатасымен бірге кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген несие беретін үш қаржы ұйымы орналасқан. Олар – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда облыстық филиалы, «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС, Atameken Qyzylorda микоқаржы ұйымы. Алайда ғимаратта банк бөлімшелері жоқ. Аталған қаржы ұйымдары арқылы несие алу барысында жүргізілетін қаржы операцияларында кәсіпкерлердің уақытын үнемдеу мақсатында «Бизнеске арналған үкімет» ғимаратында ақпаннан бастап «Қазпоштаның» өкілдері отырады.

Сонымен қатар, ақшаны қолма-қол шешкені үшін алынатын комиссия 0,35-0,45 пайыз аралығында. 1 млн теңгеге дейін шешсе 0,45 пайыз, 1-5 млн теңге аралығы 0,40 пайыз, 5 млн теңгеден асса 0,35 пайыз.

Қос тарап бұдан өзге де кәсіпкерлерге қатысты мәселелерді бірге шешуге келісті.

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі, 123 мекенжайындағы «Бизнеске арналған үкімет» ғимаратында орналасқан. Байланыс нөмірі 8 /7242/ 40-09-81.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: