Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елдегі кәсіпкерлер мемлекетке 21 млрд теңге қайтарды

09.09.2022, 8:55 321

HALYQLINE.KZ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың басында прокуратура органдары кедендік саласында тексеру жүргізді. Тексеру сыртқы экономикалық қызметтің (бұдан әрі – СЭҚ) жекелеген қатысушылары Қытай Халық Республикасынан тауарларды әкелу нарығын монополияландырып алғанын көрсетті, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Олардың әрқайсысы белгілі бір тауарларға (аяқкиім, киім, қосалқы бөлшектер, техника, жемістер, көкөністер және т.б.) маманданып, елдің нақты аймақтарын өз арасында бөлген.

Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару үшін импорттаушылар тобы 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы кодекстің талаптарын бұза отырып, әкелінетін тауарлардың құнын жүйелі түрде төмендетіп отырған.

Бас прокуратураның ұсынуы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті 10 компанияға 107 млрд теңге сомаға кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеу туралы хабарлама берді.

Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтар бойынша Қылмыстық кодекстің 236-бабы – кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бүгінгі таңда СЭҚ-тың 7 қатысушысы («Tex Alliance», «Almobi Group», «Ехргеѕѕ Кеден Сервис», «Group of the companies TDA», «Ai-To Progress», «Global Logistics Ved» және «TL NIKA кеден» ЖШС) қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджетке 21 млрд теңге қайтарды.

Қалған қоса есептелген сомаларды өндіріп алу, оның ішінде аталған компаниялардың кепілдік мүлкі есебі арқылы жалғасуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: