Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үргеніш қаласында Анна Германға ескерткіш ашылды

31.08.2023, 9:00 166

HALYQLINE.KZ

2023 жылдың 26 тамызында Өзбекстанстандағы Үргеніш қаласында совет және польяк әншісі және сазгері, ұлты неміс Анна Германға ескерткіш ашылды. Ескерткіш Үргеніш қаласындағы Анна Герман атындағы музыка мен өнер мектебінің ауласына қондырылды. Ескерткіш авторы – суретші Артур Ражапов.

Анна Герман – ХХ ғасырдың ұлы әншісі Монто-Карло, Сан-Ремо, Неаполь, Виареджо, Канн, Сопот, т.б. халықаралық фестивальдер жеңімпазы, әнші қайталанбас дауысымен әлем халықтарының есінде қалды. Анна 1936 жылы Үргеніш қаласында дүниеге келген. Әкесі Евгений Фридрихович Герман ұлты неміс болғасын, сенімсіз адам ретінде Үргенішке жер аударылған болатын. Осы қаладағы нан заводында есепші болып қызмет істеп жүргенде, 1937 жылы НКВД тұтқындап Ташкентке апарып атып тастаған, 1957 жылы «тыңшы» деген жала жабылғаны белгілі болып ақталды. Анасы Ирма Бернер неміс тілінің мұғалімі болды, Анна қайтыс болғаннан кейін 25 жылдан кейін, 2007 жылы 98 жасында қайтыс болды. Анна Герман 1982 жылы айта беретін аурудан 26 тамызда қайтыс болды, ескерткіш те осы күнге орайластырылып ашылған болатын.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: