Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Трамп азғындық әрекетімен кінәлі болды

10.05.2023, 10:03 267

HALYQLINE.KZ АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп журналист-жазушы Джин Кэрролды зорлауға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

АҚШ-тың алқа билер соты 1996 жылдың көктемінде Трамп Кэрролғы зорлау әрекетін жасаған, бірақ оны зорламаған деп тапты.

Трамп Кэрролға қысым жасағаны үшін 2 миллион доллар, жала жапқаны және оның беделіне нұқсан келтіргені үшін тағы 3 миллион доллар (балығы 5 млн доллар – ред.) өтемақы төлеуі тиіс.

Трамптың өзі тағылған айыпты жоққа шығарып, мұны масқара деп атады.

Бұған дейін тағы бір әйел – 81 жастағы кәсіпкер Джессика Лидс Трамп тарапынан зорлық көргенін мәлімдеген.

Сондай-ақ 2016 жылы 11 әйел Трампты жыныстық қудалау жасады деп айыптады.

Саясаткер сол кезде бұл айыптарды президенттік сайлаудағы қарсыласы, Демократиялық партиядан үміткер Хиллари Клинтонның мүддесі үшін қолдан жасалған деп атады.

Айта кетейік, Дональд Трамқа президенттік сайлаудан кейін қысым күшейіп кетті. Сарапшылар оны қандайда бір жолмен билікке келтірмеу әрекеттері жасалып келе жатқанын айтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: