Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуы мен мұнай тасымалына төнген қауіп әлемдік нарықтағы бағаны көтерді. АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер тұралап, Ормуз бұғазы арқылы танкерлердің қозғалысы әлі қалпына келген жоқ.
18 тамыздағы саудада Brent маркалы мұнай 0,7%-ға қымбаттап, баррелі 91,49 долларға жетті. WTI бағасы 85,25 долларға дейін көтерілді. Сауда барысында оның құны 85,37 долларды көріп, 31 шілдеден бергі ең жоғары деңгейге жеткен.
Бағаның өсуіне Иранның әскери ұстанымын күшейтетіні туралы мәлімдемесі мен Вашингтонның уақытша бітімді ұзартудан бас тартуы әсер етті. Ормуз бұғазы арқылы өтетін танкерлер саны әлі де аз. Бұғаздан шыққан кемелердің біріне снаряд тигені де тасымал қауіпсіздігіне қатысты алаңды күшейтті.
Сарапшылар келіссөздерге қатысты белгісіздік сақталса, мұнай бағасы жақын уақытта барреліне 80–100 доллар аралығында құбылуы мүмкін екенін айтады.
Дереккөз — Reuters
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!