Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сауд Арабиясы шетелдіктер үшін қажылықты тоқтатты

24.06.2020, 10:40 935

HALYQLINE.KZ Сауд Арабиясының билігі Мекке мен Мединаға қажылыққа баруға тек санаулы мұсылман азаматтарына рұқсат етті. Шетелдіктер оған қатыса алмайды.

Осы айдың соңында мұсылмандар үшін Құрбан айт мерекесі. Осыған орай Мекке мен Мединада үлкен қажылық өтуі керек болған.

Алайда Сауд Арабиясы шектеу шараларын күшейтті. Жергілікті билік биылғы қажылыққа тек елде жүрген мұсылмандардың ғана қатысатынын мәлімдеді. «Мұндай шешім індетке байланысты қабылданған» деп жазды РИА Новости.

«Коронавирус пандемиясына және оның адамдарға тигізіп жатқан залалына сәйкес 1441 жылғы (2020 жыл) қажылық тек санаулы адамдардың қатысуымен өтпек. Олар қазір ел аумағында жүрген мұсылмандар. Олардың қатарында түрлі ұлт өкілдері бар», – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде Мекке қаласының аумағы келушілер үшін жабық тұр. Басылым мәліметінше, инфекцияның ошағы осы қалада, себебі, қажылық парызын өтеушілер жан-жақтан келіп, вирус мұнда тез таралып кеткен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: