Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қос азаматтығы бар тәжікстандықтардың Ресейден кетуін шектеді

25.05.2023, 15:47 273

HALYQLINE.KZ

Тәжікстанның Ресей паспортын алған азаматтарының федерация аумағынан шығуын шектеді.

Ресейде тұратын қос азаматтығы бар тәжікстандықтар федерация аумағынан шығуға тыйым салығанын РФ мемлекеттік қызметтер порталынан білген.

«Маған ел аумағынан шығуға құқым жоқ екенін туралы ескерту келді. Толық мәлімет алу үшін жергілікті билік органдарына баруымды сұрады», дейді Санкт-Петербург қаласында тұратын азамат. 45 жастағы тәжікстандықтың қос азаматтығы бар. Ол жеке басының қауіпсіздігі мақсатында аты-жөні мақалада аталғанын қаламайды.

Тәжікстандық кейінгі 25 жылдан бері Ресейде тұрады. Ол осы уақыт ішінде алғаш рет әскери комиссариаттан шақырту алған. Қос азаматтық иесі Ресейден кетуге салынған тыйым қанша уақытқа созылатынын білмейді.

«Мен мұнда қамауда жүрген сияқтымын. Соғысқа барып, біреудің қанын төккім келмейді. Маған елден кетуге рұқсат бермей отыр», дейді ол.

Ресей мемлекеттік думасы жақында армияға немесе соған балама азаматтық қызметке шақыртылғандар шетелге шығу паспортын тиісті органдарға сақтауға өткізуді қарастыратын заң жобасын қабылдаған. Әскери комиссариаттан шақырту алған азамат бес күннің ішінде паспортын тапсыруы тиіс. Ол паспортын қызметтен өткеннен кейін ғана алады.

Адам құқықтарын қорғаушы Валентина Чупик әскери комиссариаттан шақырту алғандарды Украинаға соғысқа жіберуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Оның пікірінше, Ресей Украина қарулы күштерінің қарымта шабуылын күтіп отыр, сол кезде билік қос азаматтығы бар азаматтарды майданға жібере бастауы мүмкін.

«Шақырту алып үлгермегендер ұлттық паспортымен тез арада Ресейден кетуі тиіс. Азаматтың жасы, бала санының көптігі, ауруы, тіркеуде тұрмағаны және армияда тәжірибесі жоқтығы ештеңеге бөгет бола алмайды. Ал шақырту алғандар ендігі жерде Ресейде ресми жұмысы, зейнетақысы, жақсы өмірі болмайтынын түсінуі тиіс», деп есептейді Чупик.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: