Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Путин 2024 жылы сайлауға түсуге шешім қабылдаған

07.11.2023, 9:45 330

HALYQLINE.KZ

Владимир Путин келесі жылы да президент сайлауына түсіп, 2030 жылға дейін билікте қалатын ойы бар.

Осылай деп Reuters агенттігі дереккөзіне сүйеніп хабарлайды.

Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл мәліметке қатысты, «Путин әлі сайлауға түсуге шешім қабылдаған жоқ және сайлау мерзімі әлі жарияланбады» деп жауап берді.

Федерация кеңесінің заңына сәйкес, сайлау мерзімі желтоқсан айының алғашқы жартысында жариялануы тиіс. Сайлау шамамен 17 наурызда өтуі мүмкін. Путин осыған дейін сайлау күні ресми жарияланғаннан кейін өзінің шешімін айтатынын мәлімдеген.

Агенттік дереккөзінше, Путиннің кеңесшілері қазір сайлауалды науқанға дайындалып жатыр.

Владимир Путин 2000 жылы билікке келген.

Фото: rbc.ru

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: