Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұхаммед Әлидің қамқорлығы

03.04.2021, 15:00 431

HALYQLINE.KZ 1981 жылы қыстыгүні Лос-Анджелестің 21 жастағы тұрғыны кеңсе ғимаратының тоғызыншы қабатына көтеріліп, өзін өлтіруге бел буады. Ол өзін Вьетнамда жүргенін, ал оны вьеткондықтар іздеп жүргенін айғайлап айтады. Бұл, әрине, оның сандырағы еді. Ғимарат маңына келген полицей, өрт сөндіру қызметі, психолог, тіпті, дін қызметшісі жас жігітті алған бетінен қайтара алмады. Ол кімде-кім оған жақындайтын болса бірден секіретінін ескертеді.

Осылайша екі сағат та өте шықты. Жағдай тығырыққа тірелген. Төменде тұрғандардың үміті үзіліп, жас жігіт қашан секіретінін күтіп тұрғандай. Осы кезде бар жағдайды бақылап тұрған Мұхаммед Әлидің досы даңқты боксшыға хабарласып, бар жағдайды түсіндіреді.

Тура 4 минуттан соң Әли өзінің «роллс-ройсымен» келеді. Оны полицейлер тоқтатпақ болғанына қарамастан боксшы бірден тоғызыншы қабатқа жүгіре жөнеледі. Жігітке көршілес орналасқан бөлмеден Әли: «Сен менің бауырымсың! – деп айғайлайды. – Мен сені жақсы көрем, саған өтірік айтпаймын. Мен тыңда. Сенің менімен бірге төменге түскеніңді қалаймын. Сені жалғыз қалдырады деп уайымдама», – дейді боксшы.

Осыдан кейін жас жігіт есікті ашып, боксшымен ұзақ әңгімелеседі. Ол Әлиге отбасындағы проблемасы мен жұмысындағы күйзеліс туралы айтады. Даңқты боксшы оны төменге түсіріп, ауруханаға алып кетеді. Әли жас жігіттің проблемасын шешуге уәде береді.

Ал осы сәттің бәрін Los Angeles Times басылымының фотографы Борис Йаро суретке түсіріп, Мұхаммед Әлидің ерлігін барша әлемге паш етті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: