Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Марк миллиардтардан айырылды

29.06.2020, 13:00 414

HALYQLINE.KZ «Бірнеше ірі компания әлеуметтік желіде жарнама жариялаудан бас тартқаннан кейін миллиардер, Facebook компаниясының негізін қалаған Марк Цукерберг бір күнде 7,2 миллиард доллардан айырылды» деп хабарлайды Azattyq Rýhy Bloomberg-ке сілтеме жасап.

«Әлемге танымал Unilever жарнама компаниясы жыл соңына дейін Facebook пен Instagram-да жарнама жасамау туралы шешім қабылдағанын жариялағаннан кейін компания акциясы 8,3 пайызға арзандап кетті. Сонымен қатар, Verizon телекоммуникация компаниясы, Hershey кондитерлік өнім шығаратын компания, Coca-Cola компаниясы да әлеуметтік желідегі жарнамадан бас тартты. Олар Facebook-ті АҚШ-тағы наразылық кезінде өшпенділік пен платформадағы дезинформацияны бақылай алмады деп айыптап отыр», – деп жазылған ақпаратта.

Басылымның хабарлауынша, Цукербергтің дәулеті 82,3 миллиард долларға жеткен. Ол қазір әлемдегі ең бай адамдар арасында төртінші орында тұр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: