Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халық қаласа, хан түйесін сояды

11.08.2020, 8:55 916

HALYQLINE.KZ

Бейрут портындағы жарылысқа байланысты болып жатқан жаппай наразылық акцияларынан кейін Ливан үкіметі отставкаға кетті. Бұл туралы Associated Press агенттігі елдің денсаулық сақтау министрі Хамед Хасанға сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды centralasian.org

«Үкімет толығымен тарады. Премьер-министр Хасан Диаб қызметінен кету туралы өтінішін тапсыру үшін президент резиденциясына кетті», – деді Хасан.

Осыған дейін елдің әділет министрі Мари-Клод Наджем, ақпарат министрі Манал Абдель Самад, қоршаған ортаны қорғау министрі Дамианос Каттар және қаржы министрі Гази Вазнидің қызметінен кеткені хабарланған.

8 тамызда өткен наразылық акцияларының қатысушыларын күшпен тарату кезінде 100-ге тарта кісі жарақат алып, 22 адам ауруханаға түскен. Қарсылық білдіргендер үкіметтің отставкаға кетуін және портта сақталған жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмағаны үшін адамдарды жауапқа тартуын талап еткен.

4 тамызда Бейрут портындағы қоймада 2014 жылдан бері сақталып тұрған 2750 тонна аммиак селитрасы жарылған. Кемінде 158 адам қайтыс болып, ондаған адам жоғалып кеткендер қатарында. Бес мыңға жуық адам жарақат алды, 250 мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Ел билігі қаланы қалпына келтіру үшін бірнеше миллиард доллар қажет екенін мәлімдеді.

Ливанда бір жылға жақын уақыттан бері экономиканың нашарлауына, валютаның құнсызданып кетуіне және саяси дағдарысқа байланысты наразылық акциялары өтіп келеді. Коронавирусқа байланысты енгізілген карантин шаралары да ел экономикасына ауыр соққы болып, Ливан дефолт алдында тұрған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: