Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Джо Байден президенттік бәсекеден шығатынын мәлімдеді

22.07.2024, 9:10 304

HALYQLINE.KZ

АҚШ президенті Джо Байден президенттік бәсекеден шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы саясаткер өзінің X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.

Байден президенттік бәсекеден кетуге шешім қабылдағанын, сайлауда АҚШ вице-президенті Камала Харристі қолдайтынын айтты.

Дегенмен, Байден мерзімі аяқталғанға дейін АҚШ-тың президенті болып қалуға ниетті.

Ақ үйдің жоғары лауазымды өкілі CNN арнасына президент Джо Байденнің бәсекеден бас тарту туралы шешімі денсаулығына байланысты емес екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы кездері Байден ешқандай күрделі медициналық тексерулерден өткен жоқ. Президент тек ковид диагнозына байланысты ем қабылдап жүр.

CNN-нің хабарлауынша, Байден өткен аптада берген сұхбатында жаңа медициналық мәселе оны екінші мерзімге сайлауға түсу туралы шешімін қайта қарауға мәжбүр ететін жалғыз нәрсе екенін айтқан.

АҚШ-тың қазіргі президенті жыл сайынғы медициналық тексерістен соңғы рет ақпанда өткен.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден коронавирус жұқтырып, емделіп жатқаны жарияланған еді.

Джо Байден соңғы кездерде түрлі қылық көрсетіп жүргені мәлім. Мәселен, радиолардың біріне берген сұқбатында АҚШ-тың қазіргі президенті «қара нәсілді президент елді басқарған кезде жұмыс істеген алғашқы қара нәсілді әйел болғанын мақтан тұтатынын» айтты.

Дереккөз:  KAZ.NUR.KZ

Фото: www.lrt.lt/img

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: