Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бейруттегі жарылыс Арыс оқиғасын еске түсіреді»

09.08.2020, 12:00 404

HALYQLINE.KZ Бейруттегі кешегі жойқын жарылыс жайында түрлі жорамалдар айтылуда. Расында да соңғы 40 жылда кезінде «Таяу Шығыстың Парижі» саналған Ливан астанасы сыртқы күштердің тепкінінен көз ашпай келеді. АҚШ флотының бомбылауы, Израильдің басқыншылығы, Сирияның тізе батыруы, Иранның Хезболла мен Әмәл сияқты ұйымдары арқылы арандатуы, палестиналық босқындардың шектен шыққаны – не көрмеді бұл ел.

Суннит, шиит, друз, христиан, маронит, т.б. болып жікке бөлінген қоғамның іштей алауыздығы да толастамай келеді. 

Алайда соңғы қасірет террорлық әрекеттен гөрі жемқорлық пен лауазым иелерінің салдыр-салақтығына, жауапсыздығына көбірек ұқсайды. 

Өткен жылғы біздегі Арыс оқиғалары еріксіз еске түседі. Жарылыс бойынша тергеу нәтижесін әлі ести жатармыз. 

Десе де кей кездері қауіп-қатердің сырттан ғана емес іштен де болатынын ұмытпай, оның алдын алу шараларын дер кезінде қабылдау керек.

Расул Жұмалының фейсбук парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: