Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлемдегі ең алып әйел мен ең аласа еркек

29.08.2023, 9:55 176

HALYQLINE.KZ

Нелли Бланш (1898-1955 ж) Батыс Вирджинидегі Чарльз Лейна мен Джейнни Исоултер отбасында дүниеге келді. Ол туғанынан ірі болып туғандықтан мектепте оқып жүргенде, қатарлары «боцман» деп мазақтағанға қатты арланатын. 1918 жылы Джон Робинсон циркінде «Көңілді Нелли» деген атпен өнер көрсете бастағасын, арланбайтын болды. Циркте жүргенде Неллидің салмағы 292 кило болғанмен, қолды-аяққа тұрмай жеңіл қозғалып, көрермендерді күлкіге қарқ қылатын.

1923 жылы Нелли Бланш Лос-Аннджеллеске барғанда аласа бойлы Кларенспен бірге «Цирк күндері» және «Оз елінің сиқыршысы» фильмдеріне түседі. Кларенс Честерфильд (1913-1975) киноға 10 жасынан бастап түсе бастады, сол кездегі бойының ұзындығы 71 см еді, одан артық бойы өскен жоқ. Әлемдегі ең аласа еркек ретінде ресми түрде тіркеуден өтті. Кларк циркте 25 жыл бойы өнер көрсетіп, 1949 жылы 36 жасында зейнетке шығады.

(Ашық дереккөзден алынған фотода: салмағы 292 кг Нелли мен бойы 71 см Кларк, 1923 жылы киноға түсіп жүрген сәті).

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: