Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түркістанда полиция қызметкерлеріне зорлау дерегі бойынша іс қозғалды 

30.01.2026, 15:25 52

Түркістан қаласында 18 жастағы тұрғынның арызы негізінде зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ресми түрде мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, аталған оқиғаға бұрынғы полиция қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін деген күдік тексеріліп жатыр. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

– Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы негізінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бұрынғы полиция қызметкерлерінің бұл оқиғаға ықтимал қатысы жан-жақты әрі толық көлемде тексерілуде. Тергеу нәтижесі бойынша олардың әрекеттеріне принципті құқықтық баға беріледі, – деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Сонымен қатар министрлік өкілінің айтуынша, аталған қызметкерлер ішкі істер органдарынан «қызметтік беделге нұқсан келтіргені үшін» жұмыстан босатылған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары істің барысы бойынша қосымша ақпарат тергеу мүддесіне байланысты шектелуі мүмкін екенін атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: