Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жасөспірім қызға іздеу жарияланды

27.01.2026, 10:15 49

Оралда 16 жастағы жасөспірім қызға іздеу жарияланды. Ол бұған дейін де осылай хабарсыз кетіп, кейін табылған.

Жасөспірім Айлуна Бут отбасылық үлгідегі балалар ауылынан 21 қаңтар күні шамамен сағат 15.30-да белгісіз бағытта шығып кеткеннен оралмаған, деп жазады inbusiness.kz сайты деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі.

Lider.kz іздестіру қозғалысының еріктілері таратқан мәліметінке сүйенсек, Айлунаның бойы 160-165 см, шымыр денелі, көзі қара, қара шашы иығына түскен. Үстіне капюшоны бар қара күрте, сондай түстегі футболка мен трико, аяғына ақ кроссовка киген. 

Жасөспірім қызды көрген жандар болса, 8-777-184-04-90, 8-705-796-68-68 немесе 102 нөміріне хабарласуы сұралады.

«Бұдан бұрын ол отбасылық үлгідегі облыстық балалар ауылынан өздігінен бірнеше рет кетіп қалған. Полиция қызметкерлері оны Ақсай қаласынан тапқан болатын. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр», – деп хабарлады БҚО полиция департаменті.

Фото: gov.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: