Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Заң үш рет сүзгіден өтеді: Тоқаев Парламенттің жаңа моделін ұсынды

20.01.2026, 14:29 41

Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заң шығарушы биліктің жұмысын түбегейлі жаңғыртуға бағытталған ұсыныстарын жариялады. Президенттің айтуынша, бұл қадам бұған дейін басталған саяси реформалардың қисынды жалғасы болмақ.

Мемлекет басшысы жаңа Парламенттің құрамы бес жыл мерзімге сайланатынын және заң қабылдау үдерісі түбегейлі өзгеретінін айтты.

— Ұсыныстардың төртінші бөлігі заң шығарушы органның жұмыс тәртібі мен рәсімдеріне қатысты болды. Жаңа Парламентте депутаттарды бес жылға сайлау көзделіп отыр. Заң қабылдаудың үш кезеңнен тұратын процедурасы ұсынылады. Депутаттар бірінші кезеңде заң жобасын жалпы мақұлдайды. Одан кейін өзгерістерді мақұлдайды, соңында заңды қабылдайды. Осылайша, біз Парламент қызметін түбегейлі қайта құру арқылы осыған дейін жүзеге асырылған саяси реформаларды одан әрі жалғастырамыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің бұл бастамасы заң шығару сапасын арттыруға, депутаттардың жауапкершілігін күшейтуге және Парламенттің саяси салмағын нақтылай түсуге бағытталған. Жаңа модель заңдарды асығыс қабылдаудан арылтып, көпсатылы, салмақты талқылауға негізделмек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: