Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфинов Қызылорданың «Қайсар» клубын басқаруы мүмкін. Бұл туралы penalty.kz сайты жазды.
AmanVIBE мәліметінше, қазақстандық маман «Қайсармен» келісімшартқа қол қоюға жақын. Дереккөздің хабарлауынша, Байсуфиновпен келісімшарт ағымдағы маусымның соңына дейін есептелмек.
«Талғат Байсуфинов «Қайсармен» маусым соңына дейін келісімшартқа қол қояды. Маман бүгіннің өзінде шұғыл түрде командамен жұмысқа кіріседі деп күтілуде», — делінген хабарламада.
ЕКІ НЕГІЗГІ МІНДЕТ ҚОЙЫЛҒАН
Байсуфиновтың алдында екі маңызды мақсат тұр. Біріншісі – «Қайсарды» Қазақстан Премьер-лигасында сақтап қалу. Екіншісі – Қазақстан кубогі үшін күресу.
Қазіргі уақытта «Қайсарй ҚПЛ турнир кестесінде 24 ұпаймен соңғы орында келеді.
Команданың алда екі сырт алаңдағы матчы бар. Қызылордалық клуб Астанада «Астана» және «Жеңіс» командаларымен кездеседі.
Фото: ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!