Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапары барысында көпбалалы, жалғызбасты анаға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Бұл туралы «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Айта кетейік, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры және өңір имамдарының ұйытқы болуымен республика бойынша 869-шы баспана табысталып отыр. Бүгінде елімізде 900-ге жуық мұқтаж отбасы аталған жоба аясында баспаналы болды.
Өз кезегінде жаңа пәтер иесі «Ел үлесі – пәтерге» жобасын ұйымдастырушыларға және қайырымдылық акциясына үлес қосқан барша жамағатқа ризашылығын білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!