Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түркістан облысында жеке үй өртеніп, 12 адам көз жұмды

18.11.2025, 9:40 105

HALYQLINE.KZ

Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртенді. Оқиға салдарынан 12 адам көз жұмды, оның 9-ы бала, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Бүгін таңертең Түркістан облысы ТЖД «101» пультіне Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен.

Өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына келген кезде тұрғын үйдің толықтай өртке оранғаны анықталған.

«Өртті барлау және сөндіру барысында үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Үйдің ішінен тоғыз баланы қоса алғанда, барлығы 12 адамның денесі табылды», — делінген хабарламада.

Көршілердің айтуынша, алдыңғы күні үй иелері іс-шара өткізген, үйде қонақтар болған.

360 шаршы метр аумақтығы өрт толықтай сөндірілді.

***

Мемлекет басшысы Түркістан облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтып, үкімет пен облыс әкіміне тапсырма берді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды», — деп жазды Руслан Желдібай Telegram-дағы арнасында.

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: