Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәртіп пен талап баршаға ортақ

06.10.2025, 22:27 131

Қала әкімдігінің жанынан құрылған жұмысшы топ заңсыз құрылыстарды тоқтатып, талапқа сәйкес емес жарнамалық билбордтарды алдыруда. Бұл жұмыстармен қатар, санитарлық тазалық нормаларын сақтамағандарға заң аясында тиісті шара көріп, түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда.

Бұған дейін жұмысшы топтың жүргізген тексеруі нәтижесінде Әйтеке би көшесі, №5 Е мекенжайында салынып жатқан 3 қабатты сауда үйі құрылысындағы заңсыздықтардың анықталғандығын жазған болатынбыз. Яғни, кәсіпкер бекітілген жобадан ауытқып, автотұрақ пен жолаушылар жолына дейін құрылысын кеңейтіп сала бастаған. Жұмысшы топтың шұғыл әрекеті арқылы ғимараттың бір бөлігі бұзылуға жатқызылған еді. Қазір меншік иесі ғимараттың бір бөлігін бұзып, талапқа сәйкестендіруде.

Айта кету керек, жобаға келісім берген жобалаушы-сараптамашы ұйымға да заң аясында тиісті шара көрілген болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: