Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауыр жағдайда туылған нәрестелерге арналған аппарат алынды

03.10.2025, 14:50 147

Аймақ басшысының қолдауымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының медициналық авиация бөліміне шалғай орналасқан аудандардан жаңа туылған нәрестелерді тасымалдауға арналған 2 дана «Атом IncuArch» жапондық транспорттық инкубатор медициналық жабдықтары алынды.

Транспорттық инкубатор — мерзімінен бұрын немесе ауыр жағдайда туылған нәрестелерді қауіпсіз және тұрақты физиологиялық жағдайды сақтай отырып тасымалдауға арналған арнайы медициналық аппарат. Тарқатып айтқанда мерзімінен бұрын немесе ауыр жағдайда туылған сәбилердің өмірін сақтауға арналған жылжымалы реанимациялық аппарат болып табылады.

Аймағымызда ағымдағы жылдың 9 айында медициналық авиация желісі арқылы аудандарда барлығы 131 нәрестеге медициналық көмек көрсетiлсе, оның 58-i автокөлікпен, 73-i әуе кемесімен орындалған.ауыр

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: