Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы көпбейінді облыстық ауруханасында болып, бірқатар бөлімшелердің қызметімен танысты.
Атап айтар болсақ, аймақтың бас дәрігері аурухананың кеңес беру-диагностика бөлімшесі, оттегі станциясының және аурухана ғимаратында орналасқан «Diaverum» ЖШС-нің гемодиализ орталығының жұмыс барысымен танысты.
Кездесу барысында көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру, заманауи жабдықтардың тиімді пайдалану және пациенттерге қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!