Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

”Таза Қазақстан”: Жалпыхалықтық сенбілік өтті

10.10.2026, 16:56 19

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өңірдің барлық елді мекенінде жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.

Тұрғындар, қоғам белсенділері және еріктілер айналаны тазарту, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына жұмылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған экологиялық шараларға 377 299 ерікті, қоғам белсендісі, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкері қатысқан.
Жүйелі жұмыс нәтижесінде 10 мың тоннадан астам қоқыс қалдығы шығарылды. Елді мекендердегі 510 сквер мен парк, 256 тарихи-мәдени ескерткіш, 1 019 әлеуметтік нысан, өнеркәсіптік және бизнес нысандары, су айдындары мен көшелер тазартылды. Оған 548 арнайы техника пайдаланылды.
Бұдан бөлек, облыстың табиғи-климаттық жағдайына бейімделген 91 817 түп көшет отырғызылды.
Экологиялық бағдарлама аясындағы ауқымды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.


Еске салсақ, елімізде жыл басынан бері 7 млн-нан астам азамат «Таза Қазақстан» бағдарламасында өз белсенділігін танытқан. Ал «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру басталғалы елді мекендерде 7 млн-нан астам ағаш, ал мемлекеттік орман қорының аумақтарында 1 млрд-тан астам тұқым пен көшет отырғызылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: