Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Медицина ардагері Сағымбай Құлсартовқа арналған ескерткіш тақта ашылды

10.10.2026, 0:20 32

Қызылорда қаласындағы көпбейінді облыстық ауруханасында өңірдің денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосқан білікті хирург, ұлағатты ұстаз, ғалым әрі медицина ардагері Сағымбай Қарақұлұлы Құлсартовтың құрметіне арналған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ашылу рәсімiне облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Қуанышбаев, Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигi Болатбек Баймаханов, Алматы қаласы орталық қалалық клиникалық ауруханасының Колопроктология орталығының басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Марат Абдуллаев, Алматы қалалық №10 емханасының бас дәрiгерi, медицина ғылымдарының кандидаты, бiлiктi хирург Сабит Пазылов және Тұрғанбай Маханұлы бастаған медицина саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

Сағымбай Қарақұлұлы саналы ғұмырын Сыр өңіріндегі хирургия саласын дамытуға, адам өмірін сақтап қалуға және жас мамандарды тәрбиелеуге арнады. Өзінің кәсіби білімімен, мол тәжірибесімен және адал еңбегімен медицина саласында өшпес із қалдырды.

Тағылымды шарада медицина саласының ардагерінің өмір жолы мен еңбек мұрасы ұлықталып, оның денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегіне құрмет көрсетілді.

Ескерткіш тақтаның ашылуы – аға буынның өнегелі жолын дәріптеп, кейінгі ұрпаққа аманат етуге бағытталған маңызды қадам.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: