Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Студенттер көлік жөндеуді үйренуде

20.09.2025, 4:51 156

Баспасөз турының келесі аялдамасы – қаладағы заманауи Toyota орталығы болды. Мұнда колледж студенттері автокөлік жөндеу және техникалық қызмет көрсету саласында тәжірибеден өтуде.

Жастар заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеп, көлік диагностикасы, қосалқы бөлшектерді ауыстыру, қозғалтқыш пен электр жүйелерін тексеру сияқты нақты өндірістік процестерге қатысады. Бұл – олардың кәсіби шеберлігін шыңдауға үлкен мүмкіндік.

Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда көлік жөндеу саласы қарқынды дамып келеді, ал білікті кадрларға сұраныс жоғары. Осы тұрғыда студенттердің ірі автоорталықта машықтануы – олардың еңбек нарығына сенімді қадам жасауына жол ашады.

Колледж бен орталық арасындағы әріптестік – жұмысшы мамандарды даярлаудағы маңызды бастама. Өйткені мұндай тәжірибе арқылы студенттер тек теорияны меңгеріп қоймай, заманауи техниканың тетігін дәл білетін, кәсіби деңгейі жоғары маманға айналады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: