HALYQLINE.KZ Биыл Қызылорда облысының су айдындарында 14 оқиға тіркеліп, 15 адам қайтыс болды. Оның 6-ауы бала. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев баяндады.
«Өткен аптада 3 бірдей қайғылы оқиға болды. Оның бірі – Шиелі ауданының 8-сынып оқушысы, екіншісі – Бәйгеқұм ауылының 1992 жылғы азаматы. Сондай-ақ, Сырдария өзенінде 1975 жылғы ер адамның өлі денесі табылды», – деді Саид Шазындаұлы.
Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі – қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуынан.
Құрметті облыс тұрғындары, суға түскенде сақтық шараларын қатаң сақтаңыздар!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!