Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

11 тамыз – Ташкенттің «Пахтакор» командасы опат болған күн

11.08.2025, 18:30 304

HALYQLINE.KZ

1979 жылдың 11 тамызында Ташкенттің «Пахтакор» футбол командасы мүшелері әуе апатынан қаза тапты.

Осы күні «Пахтакордың» 17 футболшысы «Аэрофлот» компаниясының Ту-134 ұшағы, рейс №7886, Ташкент-Гурьев-Донецк-Минск бағытымен әуеге көтерілді. Борттағы 77 жолаушының 12-сі – бала, 65-і ересектер болды. Оның ішінде «Пахтакордың» 14 ойыншысы, жатықтықтырушы, администраторы, дәрігері бар еді. Олар Минск қаласындағы футболдан СССР чемпионатында Минскінің «Динамо» командасымен кездесу ойынын өткізуі керек болатын.

Алайда, оларға қарама-қарсы бортық нөмірі №7628, екінші Ту-134 ұшағы шықты. Оның бортындағы 88 адамның 64-і ересек, 24-і бала, 6 адам экипаж мүшесі бар болатын. Бағыты – Кишенев-Ворошиловград-Кубышев. Сағат 13:25-те Днепродзержинск қаласының үстінде 7800 метр биіктікте екі ұшақ соғысты, ешкім де тірі қалған жоқ. Ұшақ апатына кінәлі аэропорттағы диспетчер қарама-қарсы бағыттағы екі ұшақты екі жолға түсіре алмай шатасты.

«Пахтакор» командасының бас жатықтырушысы Олег Базилевич ол ұшаққа мінбей қалған себебі, аяқ астынан сол күні жедел іссапармен Киевке басқа ұшақпен ұшып кеткен болатын.

Бақытжан  АБДУЛ-ТҮМЕНБАЙ,

тарихшы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: