Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пәтер алып беремін деп…

19.07.2025, 11:20 168

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласының №2 сотында ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған азамат С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

2023 жылы қазан айында сотталушы С. Қызылорда қаласында туыстарының үйінде болған отырыс барысында өзінің туысқан тәтесі, жәбірленуші Т.-ның өзге қаладан пәтер алғысы келетінін біліп, оған Алматы қаласынан пәтер алып бере алатыны жөнінде жалған ақпарат берген. Алаяқтық ниетпен пәтердің бастапқы жарнасы және құжат рәсімдеуге қажет деп, жәбірленушіден 560000 теңге көлемінде ақша қаражатын өз есепшотына аудартқан. Кейін қосымша 50000 теңге сұрап, жәбірленушіден жалпы сомасы 610000 теңгені алдау арқылы иемденіп, бөтеннің мүлкін алдау жолымен жымқырып, алаяқтық қылмыс жасаған.

Сотталушының кінәсі өзінің мойындаған жауабымен қатар, жәбірленушінің айғақтарымен, іс бойынша заттай дәлелдемелер деп танылған есепшотқа ақша қаражатының аударым жасаған құжаттарымен және процестік әрекеттердiң хаттамаларымен, жинақталған іс құжаттарымен дәлелденген.

Сотта жәбірленуші 450000 теңгесін қайтарғанын, қалған 160000 теңгесін қайтаруға уәде бергенін көрсетті.

Сот үкімімен сотталушы С. ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған, ҚК-нің 58-бабының талабымен 05.03.2025 жылғы сот үкімімен тағайындалған жазасына онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы түпкiлiктi 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Азаматтық талапкердің пайдасына 160000 теңге мүліктік залал өндірілді.

Қызылорда қаласының №2 соты

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: